Шымкентте есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді. Жыл басынан бері 214 қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданған. Полиция есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
Нәтижесінде 70 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның 8 келіден астамы — синтетикалық заттар. Сонымен қатар интернетте есірткіні насихаттайтын 771 сайт пен парақша, қылмыстық мақсатта пайдаланылған 1247 банк шоты анықталып, бұғатталған. Бұл — ұйымдасқан қылмыстың жолын кесуге бағытталған нақты шара. Жыл басынан бері 500-ден астам алдын алу іс-шарасы өткізіліп, жастарға салауатты өмір салты мен заң талаптары түсіндірілді. Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес жалғасатынын мәлімдеді. Құқық қорғаушылар 16 жастан бастап жауапкершілік бар екенін ескертеді.