Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Бұл – Президент Жолдауын орындау аясындағы стратегиялық маңызды жоба.
Сайрам ауданындағы нысанның құрылысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы мониторинг жүргізіп, жауапты басшылардан есеп тыңдады. Қазіргі уақытта бетондау жұмыстарының 64%-ы, металл конструкцияларды монтаждаудың 9,2%-ы орындалды. Инфрақұрылым тарту, газ және электр желілерін қамту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс «Самұрық-Қазына» қорының қатысуымен жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтар тұрақты жеткізіледі. Жиында жобаның кешігулерін болдырмау және сапаны қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. «Түркістан БГҚ» ЖШС басшылығының хабарлауынша, инфрақұрылым тарту, газ, электр жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қажетті жер телімдерін мемлекет меншігіне өткізу шаралары да қатар атқарылуда. Акционері – «Самұрық-Қазына». Бүгінде бетондау жұмыстары 64% орындалды. Металл конструкцияларды монтаждау бойынша жұмыстар 9,2 пайызға атқарылған. Қажетті құрал-жабдықтары мен металл конструкциялары жеткізілуде.