Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Түркістанда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бойынша семинар-конференция өтті. Оған жас экологтар, мемлекеттік мекеме өкілдері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Семинар барсында экологиялық мәдениетті дамыту, халықтың белсенділігін арттыру және өмірдегі нақты жобаларды үйлестіру мәселелері қаралды. Сондай-ақ жергілікті экологиялық мәселелер, жастар бастамалары және өңірдің жасыл әлеуеті жайлы кеңінен қозғалды. Осыған дейін облыстың 17 аудан, қаласында “Қоршаға ортаны қорғау”, “Жасыл бастамалар” тақырыптары бойынша өткен жиын жұмысы қорытындыланды. Экологиялық мәдениетті дамыту тек білім беру ғана емес, жеке тұлғаның қоршаған орта алдындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Конференция барысында табиғатты сақтауға жауапкершілікпен құарап экологиялық қауіптерден хабардар болу жайы да сөз болды.