Түркістанға ҚР Еңбек сіңірген танымал «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі келді. Би саңылақтары сахнанның сәнін келтіріп, келушілерді таң-тамаша етті. «Конгресс Холл» кешенінің фойесінде флешмоб өтіп, 300 адам бір мезетте мемлекеттік әнұранды шырқады. Ауқымды шараға мектеп оқушылары, би ұжымдары , әжелер қауымдастығы қатысты.


Елордадан келген ұжым кешкісін «Би керуені» атты концерт өткізіп, қала тұрғындарына рухани демалыс сыйлады. Кеш барысында ансамбль репертуарындағы түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің би қойылымдары орындалып, ел татулығы көрініс тапты.

Айта кетейік, форум аясында таңертең баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, би ансамльінің жетекшілері сұхбат берді. Содан соң шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Онда өңірдегі би ұжымдарына тәжірибелі мамандар дәріс өткіп, тәжірибе алмасты.