Мемлекеттік рәміздер – ұлттың болмысын, тарихы мен тағдырын, арманы мен мұратын бедерлеген киелі белгілер. Әрбір азаматтың жүрегіндегі мақтаныш пен жауапкершілік», - дейді Төлеби тұрғындары. Айтулы күнге орай аудан орталығындағы «Төлеби баба» саябағында салтанатты жиын өтті. Жиында тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биікке көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.


Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.


ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Тәуелсіз еліміздің жеңісі мен жемісі алдағы уақытта да еселей берсін. Көкбайрағымыздың қашанда тұғыры биік болсын, Әнұранымыз әлемнің түкпір түкпірінде жаңғыра берсін, елтаңбамыз үнемі айбынымыз бен абыройымыздың белгісі бола берсін деген тілек білдіремін» – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.


Бұл күні алаңға жиналған жастар мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау үшін тағылым түйер түрлі өнерлерін ортаға салды. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа шақыру мақсатында «Көк Тудың желбірегені» флешмобын ұйымдастырды. Ал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көрерменге концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер орындады