Бүгін мемлекеттік рәміздер күні. Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары – елтаңба, әнұран және көк байрақ. Оны құрметтеу және мазмұны мен мәнін ұғу әрбір азаматқа парыз. Шымкент сити шағын ауданындағы алып ту салтанатты түрде көкке көтеріліп, гимн шырқалды.


Мемлекеттік нышандарды құрметтеу әрбір азаматқа парыз. Өйткені ол тәуелсіздік пен егемендіктің, азаттық пен азаматтықтың белгісі. Ұранды ойды ту еткен еріктілер көк байрақты желбіретіп, салтанатты шеру құрды.


АЛТЫНАЙ АРТЫҚБАЕВА, ЕРІКТІ

«Бұл біздің патриоттық сезімімізді ояту. Халқымызды сүю. Бір жағадан бас шығарып бүгінгі мерекені атап өтіп жатырмыз.» 

КСМ: Мемлекеттік рәміздерді қорғау, мәртебесін биік ұстап, мән-мазмұнын ұлықтау – ортақ мүдде. Ұлттың ар-ожданын былғап, рәміздерін аяқ-асты етуді көксегендер қатаң жазаланады.


САМАЛ БАҚТИЯР, ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

«Мемлекеттік рәміздерімізді қорлау жағдайлары жасалса қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 900 сағаттық қоғамдық жұмыстарға міндеттеу, 2 жылға бас бостандығын шектеу..» - «ӘҚК сәйкес 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады.»

«Мемлекеттік рәміздерімізді қорлау жағдайлары жасалса қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 900 сағаттық қоғамдық жұмыстарға міндеттеу, 2 жылға бас бостандығын шектеу..» – «ӘҚК сәйкес 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады.»


Ту тұғырдың биіктігі 100 метр. Ал байрақтың көлемі 30-15 метрді құрайды. Мереке аясында арнайы байқау жарияланған. Онда мемлекеттік рәміздерді әспеттейтін үздік ролик, үздік іс-шара, үздік пост, үздік сурет жеңімпаздары анықталады. Мұның бәрі ұлттық кодты ұлықтап, құрмет көрсету мақсатында дейді басқарма басшысы.


АЙГЕРІМ ЖҰМАҒҰЛОВА, ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

«Бұл жерде өте көп адам жиналды. 1000-нан аса Шымкенттік бір мезетте әнұран шырқады.»


Рәміздерді сыйлау – өзіңді құрметтеу. Осылай деген маслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов көк ту мен елтаңба, әуелеген әнұран әрбір азаматтың рухын көтеріп, патриоттық сезімін ұштайтынын айтады.


БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

«Рәміздерді құрметтеу әрі міндетіміз әрі парызымыз. Өскелең ұрпаққа да соны насиахттап жүруіміз керек.»


Іс-шара барысында мәдениет қызметкерлері ән шырқап, келушілерге патриоттық рух сыйлады