Түркістанда да Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті. «Рәміздер алаңында» көк байрағымыз көкке көтеріліп, Әнұран шырқалды.


Ту көтеру, халық, Әнұран сәті.


Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысты. Мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік орган өкілдері, зиялы қауым, спортшылар, жастар мен қала тұрғындары белсенділік танытты.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Құрметті жерлестер зиялы қауым өкілдері, жалынды жастар Сіздерді 4 маусым мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын. Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі. Көк байрағымыз – айбарымыз. Оларды ұлықтау – әр азаматтың қасиетті міндеті.


Бұл күні Мемлекеттік Әнұранды облыстың өнерпаздары мен мектеп оқушылары бірге орындап, көрермендердің рухын көтерді. Сонымен қатар патриоттық әндер шырқалып, өнерпаздардың ерекше қойылымдары көпшіліктің көңілінен шықты.


ҚҰРБАН СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Түркістан қаласында мінекей үлкен халық жиналып жатыр. Әр уақытта туымыз биікте жүрсін. Соны ел болып қадірлеп күте білейік. Көк Туымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз шырқалған сәтте ерекше мақтаныш сезімі оянады. Мұндай шаралар жастарға рух береді.


Айта кетейік, облыста рәміздерді ұлықтау бағытында ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бүгінде өңірде 26 Рәміздер алаңы жұмыс істейді. Биыл Мақтаарал мен Сауран аудандарында жаңасын салу жоспарда бар.