Сотталғандар құқықтық кеңес алды. Құзырлы орган қызметкерлері №54 түзеу мекемесіне арнайы барып, жазасын өтеушілермен кездесті. Арыз-шағым, ұсыныс-тілектерін тыңдап, кеңес берді.
Аты-жөні мен бет-бейнесін жасырын қалдыруды өтінген азамат 20 жаста. Ұрлық жасап, 2 жыл 3 ай мерзімге сотталған. Бүгін ол тиісті мамандарға сауал жолдап, кеңес алды.
АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕЙДІ!!!
«73 бапқа сәйкес өтініш жазған жағдайда қашан бостандыққа шыға аламын деген сұрақ қойдым. Жауапқа қанағаттандым.»
Көшпелі қабылдауға 10-ға тарта мемлекеттік орган қызметкерлері қатысып, жазасын өтеушілермен тілдесті. Сотталғандардың бірі мерзімінен бұрын босап шығу мәселесін көтерсе, тағы бірі денсаулық жағдайын тексеруді сұраған.
ЖОМАРТ НҰРҒАЛИ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
«Мемлекеттік органдардың басын қосып, түрлі сұрақтарға жауап бердік.»
Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шаралар түзеу мекемелерінде жиі өтеді. Бұл «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырып, ашықтық саясатын қалыптастырады.