Бүгін – 4 маусым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн – халқымыз үшін аса қастерлі, ерекше мәнге ие. Себебі мемлекеттік рәміздер – біздің елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің символы.


Мемлекеттік Ту – көк аспанымыздай ашық, еркіндігіміздің белгісі. Ол биікте желбіресе – жүрегіміз шаттанады. Елтаңбамыз – тамырымыз тереңде жатқан тарихымыз бен болашаққа ұмтылған жарқын арманымыздың бейнесі. Ал Әнұранымыз – рухымызды көтеретін, елге, жерге деген шексіз махаббат пен сенімнің үні. Мемлекеттік рәміздер – жай ғана белгілер емес, олар – әрбір азаматтың жүрегінде ұялаған отансүйгіштік сезімінің көрінісі.

Оларды қадірлеу – елін сүюдің, тарихын құрметтеудің және болашағына жауапкершілікпен қараудың айғағы. Бүгінгі күні біз ұлттық нышандарымызды мақтанышпен еске алып, еліміздің тұтастығын, тәуелсіздігін тағы бір мәрте терең сезінеміз.

Ұрпақтан-ұрпаққа аманат болған бұл құндылықтар – мәңгілік ел мұратына жетелейтін рухани тұғыр. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұмары, елдігіміздің айғағы.


БЕКМҰРАТ НАЙМАНБАЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

Бұл күн азаттығымызды насихаттап, берлігімізді танытатын күн. Бұл күні біз ұлттық нышандарымызды мақтанышпен еске алып, еліміздің тұтастығын, тәуелсіздігін тағы бір мәрте терең сезінеміз.