Мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айт маусым айының 6-шы жұлдызына тұспа-тұс келуде. Айт намазы таңғы сағат 6:00-де оқылып, құрбандық 3 күн бойында шалынады. Ал арапа күні 5 маусым деп бекітілген.


Құрбан айтта қашықтықтан құрбандық шалуға болады. Ол үшін Шымкентте арнайы 2 орын белгіленген. Онлайн құрбандық шалуға ниеттенгендер qurban2025.kz сайтына кіріп, малды таңдайды. Онда уақ мал мен ірі қараның құны жазылған. Қой мен ешкіні жеке адам, ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шалса болады. Сайт арқылы құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға мүмкіндік қарастырылған.


МҰСАБЕК АҚТАМБЕРДІ, НАИБ ИМАМ

Құрбан айттың қарсаңында қаланың бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров кәсіпкерлерден азық-түлік пен құрбандық малдарының бағасын көтермеуді сұранды. Сондай-ақ мұсылманның ұлық мейрамында мешіттерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылатынын да айтып өтті.


МҰХАМЕДЖАН ЕСТЕМІРОВ, НАИБ ИМАМ

Құрбан айт намазы қала бойынша 6 маусым күні таңғы сағат 6:00-де оқылады. Айт намазынан кейін құрбандық 3 күн бойында шалынады. Ал арапа 5 маусым боп белгіленген. Ол күні ауыз бекітудің сауабы мол, дейді дін өкілдері.