Аяқ киім өнеркісібінде маман тапшы. Осы орайда Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында аяқ киім өнеркәсібі мен киім дизайны бойынша жаңа факультет ашуды жоспарлап отыр. Ал бітіруші түлектер жергілікті кәсіпорындарға оңай жұмысқа орналаса алады. Осы салаға бет бұрған жастарға білім гранты бөлінеді.


Сұлухан Мателеева биыл колледж бітіреді. Ол оқу модельер пішуші мамандығы бойынша білім алған. Бүгінгі бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысып, жұмыс іздеп келіпті. Болашақта өзінің жеке сән үйін ашуды армандайды.



 СҰЛУХАН МАТЕЛЕЕВА, СТУДЕНТ

Бүгінгі біздің ірі кәсіпорындар мен орта бизнес иелері келіп отыр екен. Және де өз мамандықтарын ұсынуда жұмыс орындары. Мен өз мамандығым бойынша жұмыс таңдап орналасамын деген ойдамын. Менің мамандығым модельер пішуші болғандықтан киімді өзіміз тігеміз. Дизайнын өзіміз дайындап суретінде эскизін де барлығын өзіміз дайындаймыз. Соған қарасты мен тігінші немесе модельер мамандығы бойынша жұмысқа рналасамын деп ойлаймын. Яғни дизайнер бойынша.


Ал тігін фабрикасының директоры Клара Санжарова дәл осы колледждің 1983 жылғы түлегі. Оқу аяқтаған соң тігін саласында еңбек етіп, бүгінде өңірдің ілгері фабрикасын басқарып отыр. Сондай-ақ ол колледжде өтетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне үнемі қатысады. Маман іздейді.


 КЛАРА САНЖАРОВА, ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Бүгінгі жастар жәрмеңкесінің болуы біз үшін өте қуанышты жұмысберушілерге. Жастарға ұсынып жатқанымыз жастар практикасы бойынша қазір программамен жұмыс орындар бар. Қабылдай аламыз. Альянс фабрикасы көйлек пен арнайы киім тігеміз. Осы жеңілөнеркісіп және сервис колледжінен біздерге дуалды система бйынша бірінші курсан үшінші курсқа дейін оқушылар практикаға абарып тұрады. Біз 50 тігінші, 10 дизайнер, 2 технолог конструкторға зоявка бергенбіз. Бүгін көреміз. Бағымыз жанып жатса алып кетеміз.


Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің 55 жылдық тарихы бар. Бұған дейін екі негізгі мамандық бойынша білім беріп келген. Биыл аяқ киім ісі мен киім дизайны факультеті қосымша ашылмақ. Бітіруші түлектердің жұмыссыз жүргені жоқ. Себебі колледж басшылығы 30-дан астам кәсіпорынмен тығыз байланыс орнатқанбыз дейді.


ГҮЛМИРА ТАҒАЕВА, КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ

Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты бітіруші түлектердің жұмысқа жайғасуы. Қай фабрикаға барады, қалай дегендей. Ал дуалды жүйе дейтін болсақ, біздің колледждің 55 пайыз студенті осы жүйе бойынша білім алады. Ол деген соз 60 пайыз практика, 40 пайызы теория. Одан бөлек біздің ҚР стандарттарына өзгеріс жасалып, елімізде алғаш рет арнайы грант бөлінген. Ол кәсіпорыннан арнайы бағдарламамен ұсыныс жасалынып былайша айтқанда направлениемен дейді ғой. Біздің бітіруші түлектердің біздің колледждің өзінде 275-і биыл целевой грантты бітірпі 13 фабрикаға арнайы барып жайғасады.


Биыл жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжін 500-ге жуық студент бітіреді. Олардың 275-і қаладағы 13 фабрикаға мақсатты грант бойынша жұмысқа орналасады.