Шымкентте оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы бағытталған сурет байқауы өтті. «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім» атты байқауға 150-ге жуық бала қатысты.


Олар ақ қағазға әділет, заң, тәртіп, ар-ұят, адал еңбек сынды ұғымдарды көркем бейнеледі. Сондай-ақ туындылары арқылы жемқорлықтың зиянын көрсеткен. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық пен әділдікке деген көзқарасты қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті ерте жастан дарыту. Қазылар алқасы шығармашылықпен ерекшеленген жұмыстарды атап өтіп, үздік авторларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау – оқушылардың азаматтық көзқарасын арттырып, қоғамдағы әділеттілікке деген сенімін нығайтпақ.