Биыл 143 мың адам мемлекет көмегімен жұмысқа орналасып, 232 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты. Еңбек қауіпсіздігін күшейту нәтижесінде биыл өндірістік жарақаттар 17 пайызға төмендеген. Министр әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж жандарға бағыттау үшін цифрлық технологиялар енгізіліп жатқанын баяндады. Президент атаулы көмектің тиімділігін арттыру, жұмыспен қамту шараларын кеңейту және цифрландыру бойынша тапсырма берді.