Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай республика көлемінде «30 жыл – 30 игі іс» атты кең ауқымды акция бастау алды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – мерейтойды тек мерекелік іс-шаралармен ғана емес, қоғамға шынайы пайда әкелетін игі жұмыстармен есте қалдыру.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы осы акцияға белсене атсалысып, түрлі әлеуметтік және экологиялық шараларды жүзеге асыруда. Қызметкерлер қала аумағында сенбілік ұйымдастырып, көшелерді, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты, ағаштарды әктеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
ИРИСМАТ МАХМУДОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Қазіргі таңда артымыздағы үйге практика есебінен қорғатқыш терезе қойып отырмыз. Сондай-ақ, қалалық әкімдікпен бірлесіп, бірнеше мамандар жұмылдырылып, бірнеше акция қолға алдық.
Мұндай шаралар тұрғындарға экологиялық тәрбие беріп қана қоймай, қоғамның бірлігін нығайтуға да ықпал етеді. «Мерейтойды тек мерекелік жиындармен атап өтпей, елге пайдасы тиетін нақты істер атқару – біздің басты міндетіміз», – дейді департамент қызметкерлері.
АСҚАР ШӘРІП, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ
Қошқар ата өзінге аумағында шомылушылар арасында жедел құтқару жасағымен балаларды жүзуге үйреттік. Сондай-ақ, мамандар өзен бойын тазартты.
Осылайша, ТЖД ұжымы 30 жылдық мерейтойды халыққа қызмет етудің жаңа қырынан көрсетіп, қала өмірінде жағымды із қалдыруды көздеп отыр.