Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз!


 «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа», «Еріктілік» бағыттары бойынша әрқайсысынан 1 жеңімпаздан анықталып, барлығы 6 жеңімпазға 1 000 000 теңгеден көлемінде грант беріледі.• «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;• «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, дәстүрі мен өнерін ілгерілетуге бағытталған жобаларға арналған;• «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде стартаптарды әзірлеуге және жүзеге асыруға арналған;• «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;• «Медиа» – жастар үшін танымдық, пайдалы әрі қызықты контент ұсынатын жаңа медиа жобаларды жүзеге асыруға арналған;• «Еріктілік» – өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған. Байқауға Шымкент қаласының 14-35 жас аралығындағы жастары қатыса алады. Өтінімдер 2025 жылдың 1 қазанына дейін электронды түрде grantshymkent@gmail.com поштасы арқылы немесе grantshymkent.online сайты арқылы қабылданады. Ескерту: 2024 жылғы Шымкент қаласының жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауының жеңімпаздары қатыса алмайды!


Толығырақ:grantshymkent.online Instagram: @jastarbolimi2025 WhatsApp: 8 707 157 60 01