Бүгінде ЖИ мүмкіндігі күн санап артып келеді. Соңғы кезде әлеужелілерде фото суреттерге жан бітіп, видеоға айналғанын, тіпті ескі фотолар мен жаңа суреттерді бір-біріне байланыстырып жатқандарын жиі байқаймыз. Мұның барлығы Жасанды интеллектінің көмегі арқылы жасалып жатқан дүниелер. Қазір цифрлық технологияларды әр салада кеңінен пайдалану аса маңызды. Ал, халық ЖИ көмегіне қаншалықты жүгінеді? Сұрап білдік...
--- Менің ойымша жасанды интеллект деген қазіргі уақытта дамып келе жатқан нәрсе. Мен студентпін. Біз оқып жатқан кезде қолданыста болады, бірақ оның ақпаратына толық сенбей, өз қолымызбен де жұмыс жасау керекпіз деген ойдамын.
--- Мен мысалы бір бизнес ашқым келеді. Содан сұраймын. Қайда барып, қайда жүгіну керегін барлығын сұрап аламын, керемет! Қолдайсыз ғой?-Қолдаймын!
--- Керек! Даже қазір мысалы балабақшаның жұмыстың өзіне керек қой. Біз 91 жылдан бері жұмыс істеймін.Әлі қолымен жазамыз, әлі қолымзбен істейміз. Ал ол бізге қазір керек!
--- Қазір искуственный интелелект керек алдағы уақытта. Дамуы да керек! Барлық нәрсе дамып жатыр. Қолымыздағы барлығына баланысты. Оның да көмегі зор.
---- Чат gpt пайдаланасыздар ма? –Пайдаланамыз ! Бізге экзамен уақытында, сабақта кез-келген уақытта көмектеседі.
--- Жұмыс барысында оқу барысында тіл үйрену, көп нәрсеге көмек береді ғой. Тұрмыстық жағдайда да.
--- Пайдасы болмаса, зияны жоқ. Кәдімгі ватсап қолданғандай дүние ғой. Заман талабына сай көп нәрсені қолдану керек деп ойлаймын