Шымкентте жол-құрылыс жұмыстары қарқын алды. Қаладағы асфальт жолдардың жақсы және қанағаттанарлық үлесін 75 пайыздан 90 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатта 706 шақырым жол жөнделмек. Автокөліктің қарқынды көбеюіне байланысты жол инфрақұрылымын дамыту – мегаполис үшін басты бағыттың бірі. Қазір қалада 600 мыңнан астам көлік тіркелген. Осындай ауқымды жұмыстарға тұрғындар қалай қарайды? Төселген асфальттың сапасы көңілден шығып жатыр ма? Арна тілшілері қала тұрғындарының пікірін білді. Ендеше, бірге тыңдайық.