Президент жолдауда арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше тоқталды. Осы бағытта терең сараптама жүргізіп, түбегейлі шаралар қабылдауды Үкіметке тапсырды. Отандық өнім өндіруші компанияларды қолдау арқылы ішкі әлеуетті арттыруға болатынын да атап өтті.
Шымкентте жаңа технологияларды енгізіп, өндірісін дамытып отырған ірі кәсіпорындар аз емес. Солардың бірі – «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС. Бұл зауыт көпқабатты тұрғын үй құрылысына қажетті темір-бетон өнімдерін толықтай өзі шығарады. Жаңа технологияларды қолдану арқылы өнім көлемін арттырған кәсіпорынның бұйымдары үлкен сұранысқа ие. Шымкент пен Түркістан қалаларында жыл сайын 40-тан астам көпқабатты үй осы зауыттың өнімдерімен салынады.
НҰРҰЛАС САЙДУЛЛАЕВ, ЦЕХ БАСШЫСЫ
Біздің цех 9 қабатты үйлерге қажетті жабдықтарды толық құяды. Саты, лифт шахтасы, балкон плитасы барлығы осы жерден шығады. Бізден алып кетіп, үй тұрғызады.