Қалада заңсыз иемделген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүгізіліп жатыр. “Кең баба” саябағының жер аумағы “Алматы-Сапар” ЖШС-не балалар мен жасөспірімдерге эстетикалық және мәдени тәрбие беру орталығын ұйымдастыру үшін уақытша пайдалануға берілген.


 Жалға беру мерзімі аяқталып, жер заңсыз иемделуіне байланысты қала әкімдігі тарапынан сотқа талап арыз жолданып, өз бетімен пайдаланып жатқан жер учаскесін бастапқы қалпына келтіруді міндеттеу туралы шешім шыққан. Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментінің талап қою арызы негізінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Әл-Фараби ауданы, Ғ.Иляев көшесі №68/1 мекенжайында орналасқан «Алматы-Сапар» ЖШС-не тиесілі жер учаскелерінің құқықтық құжаттары жарамсыз деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енді. Қазіргі таңда саябақ аумағындағы заңсыз құрылыстарды бұзу жолымен бастапқы күйде мемлекетке қайтару жұмыстары жүгізіліп жатыр.