Шымкентте кең ауқымды «Кітап оқитын ұлт» жобасының таныстырылымы өтті. Жоба Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың III отырысында жарияланған тұжырымдамасы аясында іске асырылмақ. Жастар арасындағы кітап оқуды дәріптеу мен зияткерлік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған байқау қыркүйектен ақпан айына дейін жалғасады.
Жобаның ең негізгі мақсаты - Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына қосу. Оның әр бағыты бойынша сарапшылар 15 кітаптың тізімін жасап қойған. Тізімге «Қазақстан әдебиетінің 100 танымал кітабы» жалпыұлттық дауыс беру негізінде таңдалған туындылар, сондай-ақ әлемге кең таралып, көп оқылатын шығармалар енді.
БЕКАРЫС АМАНЖОЛОВ, «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ЧИТАЮЩАЯ НАЦИЯ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМА ТОБЫ ЖЕТЕКШІСІ
Қазіргі таңда Шымкент қаласында түсіндірме жұмыстары мен жобаны бастау туралы алғышарттарын жасадық. Шымкент қаласы әкімдігіменен тиісті басқармалармен құрлымдық бөлімшлермен жұмыс істеп жатырмыз. Осы күнге дейін жоо-ның басшыларымен кездестік. Дәл қазір қаладағы ЖОО-ныңөкілдері басшыларымен және студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.
Жоба 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олардың қатарында мектеп оқушыларынан бастап колледж, ЖОО мен педагогтар, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен кітап оқитын әулет бақ сынай алады. Кітап оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындап, зияткерлік сайыстарға қатысады. Биыл жоба Шымкенттік 30 мыңнан нан аса адамды қамтиды. Жеңімпаздарға миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.
БАРШАГҮЛ ИСАБЕК, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ПРОРЕКТОРЫ
Бұл жоба құптарлық жоба. Себебі, қазір кітап оқитын жастар азайып бара жатыр деген әңгіме көбейіп кетті. Осы бағытта біз де Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ білім алушыларын қатыстырып, жобада өз үлесімізді қосамыз деген ойымыз бар.
Қазіргі таңда бастама пилоттық жоба ретінде Шымкент, Қарағанды және Қостанай облыстарында қолға алынып жатыр. Алдағы уақытта жоба аясында барлық Қазақстанды қамту көзделіп отыр. Айта кетсек, бүгінде еліміз әлем бойынша кітап оқудан 95 орында тұр. Көш бастап тұрған АҚШ, Финляндия, Ұлыбритания мен Ресей.