Түркістан облысында кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамыту жұмыстары қарқын алуда. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айының өзінде облыс кәсіпкерлеріне 18 мыңға жуық кеңес берілген. 1 770 бизнес-жоспар әзірленген. Бұл жұмыстарға Túrkistan кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мұрындық болып отыр.
Орталықтың тікелей сүйемелдеуімен жалпы құны 8,8 миллиард теңгені құрайтын 735 жоба іске асып, соның нәтижесінде 205 жоба нақты жүзеге асқан. Осы арқылы өңірде 2 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылған.Кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толықтай цифрлық форматқа көшірілуі тиіс. Бұл ретте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Осы орайда кәсіпкерлерді осы бағытта белсенді дамуға шақырамын. «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызметтердің барлығын толықтай цифрлық форматқа көшіруі қажет. Бұл ретте жасанды интеллект пен басқа да озық технологияларды тиімді пайдалану міндетті. Сонымен бірге облыс көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған нақты әрі нәтижелі іс-шаралар қабылдау керек.
Túrkistan кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының с.йемелдеуімен сүйемелдеуімен түрлі салада ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, 2025 жылы күріш өнімдерін өңдеу жобасы, қымыз және сүт өнімдері цехы, мақта тұқымын өңдеу және мия тамырын қайта өңдеу зауыттары, сұйық мақта майын өндіру қолға алынады.
НҰРЖІГІТ МЫРЗАХМЕТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жергілікті тұрғындардың табысты әрі ауқатты болуына жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Аудан байыса – облыс байиды, облыс байыса – халықтың әл-ауқаты артады. Осыны нақты есте сақтаңыздар. Жұмысты үйлестіріп, жанашырлықпен, елге деген адал ниетпен атқару қажет. Нақты нәтижеге жетелейтін көрсеткіштер қажет
Облыс аумағында қазіргі таңда 214 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Орталықтың басты мақсаты — кәсіпкерлерге сапалы ақпараттық қолдау көрсету, жобаларды сүйемелдеу және кәсіби даму мүмкіндігін арттыру.