Түркістанда «Әр тіл – бір өрнек, әр ұлт – бір өлке» атты тағылымды кездесу өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Қазақстан халқы тілдері күніне орайластырылған шараның мақсаты – этносаралық татулықты насихаттау.


 Мемлекеттік тіл мен өзге де ұлт тілдеріне құрмет көрсетуді жастардың бойына дарыту. Кездесуге қала тұрғындары, ұстаздар, этнос жастары мен Түркістан Республикасы Ұлттық Ұланының 5574 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.


АЙГЕРІМ ЖҰМАБАЙ, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Айта кетейік, Ассамблея құрылғалы бері елімізде жүздеген этномәдени бірлестіктер құрылып, олар тіл, мәдениет пен дәстүрді дамыту бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Түркістандағы кездесу осы еңбектің айқын көрінісі іспетті.


995 жылы құрылған Ассамблея бүгінде Қазақстандағы 100-ден астам этнос өкілін ортақ шаңырақ астында тоғыстырып отыр. Институттың басты мақсаты – елдегі этносаралық татулықты сақтап, бірлікті нығайту.


ЕРНАЗАР БАЕТОВ –“ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ” КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Шарада түрлі этностар өз ана тілінде ән айтып, би билеп, өнерін көрсетті. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің ұлтты ұйыстырудағы маңызы ерекше айтылды.


Кеш барысында қонақтар тілдің – бірліктің бастауы, мәдениеттердің тоғысуының негізгі құндылығы екендігін айтты. Ал сарбаздар үшін мұндай кездесулер патриоттық сезімді арттырып, ел бірлігінің мәнін терең түсінуге ықпал етті. Шара соңында қатысушыларға мерекелік концерт ұсынылып, достықты, ынтымақ пен татулықты дәріптейтін әндер шырқалды.