Қатар құрбысымен асыр салып жүрген ойын баласына былтыр дәрігерлер ақ қан, қан рагі диагнозын қойған болатын.
Ауруы анықталған соң Алматы қаласында емделіп, бес рет химия терапия қабылдап науқастың беті бері қарағандай болған еді.
Алайда 3 ай өтпей жатып қауіпті дерт қайталанған. Нұрдәулеттің ендігі емі жілік майын ауыстыру. Бұл ауруға шипаны шет елден ғана табуға болады екен. Ол үшін 250 мың ақш доллоры қажет.
Қара шай мен қара нанын зорға айырып отырған қарапайым жанұяның мұндай қаражаты жоқ. Қол қусырып қарап отырып бауыр еті балаларынан күдер үзуге болмайды.
Осылай деп Нұрдәулеттің әжесі арнамызға келді. Егде тартқан әжей етігі жасқа толып елден көмек сұрайды. Қасиетті ораза айы қарсаңында қол ұшын созатын қайырымды жандар табылар деген үмітте.
Хасенова Жанайым Берденбаевна
Халық Банк КАРТА KZ 48 60 1000 200 700 77 41
Киви кошелек: 7 778 258 22 04
Кенжехан ДҮЙСЕНБІ