«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі». Осы мақсатты ту еткен аудандық емхана ұжымы балғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мүмкіндігі шектеулі, жетім және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балалар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Дүрия Кебекбаева – ата-ана
Мына емхана үйымдастырып отырған іс-шараға баламды алып келіп отырмын. Балаларымыздың көңілдері көтеріліп қалды. Сыйлықтар беріп, спектакль құрып. Мына емхана басшысы мен қызметкерлері, қолымен ғана емдеп емес, жүректерімен де емдеп жатыр үлкен алғысымызды білдіреміз.
Данияр Айтбаев – Төлеби аудандық емханасының бас дәрігері
Тәуелсіздік мереке қарсаңында осындау қайырымдылық шара өткізуді жөн көрдік. Төлеби ауданының емхана ұжымымен келісе отырып, шараны атқарып отырмыз. Мұндай қайырымдылық акциясын жылда өткізудеміз, бұл алғашқы емес. Әлі де жалғасын табады деген үміттеміз. Алдағы келе жатқан мереке құтты болсын.
Қайырымдылық шара барысында бүлдіршіндер үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониядан арнайы келген өнер майталмандары көпшілікті шат-шадымен күйге бөледі. Балақайлар кейіннен цирк алаңына жиналып, жыртқыш аңдар әлемімен танысты.
Гүлнәз Бақытова – акцияға қатысушы
Осындай іс-шараны ұйымдастырған аурухана басшысы мен мемлекеттік қызметкерлерге, барша балалардың атынан алғысымды білдіремін. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын.
Сәдібек Жолдасбеков – ата-ана
Аудандық әкімшілік, аудандық емханаға үлкен алғысымды білдіремін. Осындай қайырымдылық акциясын ұйымдастырғандарына рахмет. Біздің демеушілеріміздің жүректері ашық, мейірімі кең, қолдары ашық, осындай жігіттер көбейе берсін. Ел Тәуелсіздігі құтты болсын!
Игілікті іске өз үлесін қосқан жомарт жандарға ата-аналардың алғысы шексіз. Ауданда мұндай шаралар легі толастамақ емес.
Ақмарал КӨПЖАСАРОВА