Кездесуде жастар кәсіпкер Сырым Махамбетұлымен ашық тілдесті. Ол «Қайып ата» ЖШС-нің директоры. Қолы ашық азамат. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, қаржылай көмек беріп келеді. Кездесуде іскер азамат жастарға басынан өткерген қиындықтарын айтып, жетістікке жету жолдарымен бөлісті.
Сырым Ертаев – кәсіпкер
Бүгінгі мына жастармен кездесудің мақсаты – кәсіпкерлік саласы жайында студент жастармен кездесіп, әңгімелеп беру. Кәсіпкерлік туралы жігерлендіру, рухани ояту. Керемет іс-шара деп есептеймін.
Сырым Ертаев іскерлігімен мойындалған. Мал шаруашылығы саласын дамытуды мақсат еткен. Ол Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылынан «Мал сою бекеті» және «Ет өнімдерін тереңдетіп өңдеу цехын» іске қосқан. Кәсіпорыннан 30 тонна өнім өндіріп, 28 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз еткен.
Нұрлыбек Әбілкерім – Облыстық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы
Әрине Сырым ағамызға осында кездесу ұйымдастырылып жатқанына мың алғыс! Ол кісілердің тәжірибесін ала келе, біз олар бағындырған белесті он есе бағындырамыз. Биік белестерді бағындырған адамдарға қарап талпынамыз.
Иә, іскер кәсіпкер тынымсыз еңбегі мен білімінің арқасында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енді. Мұндай азаматтарды өскелең ұрпақ танып, білуі қажет. Кездесудегі басты мақсат та осы. Артынан ерген жастарға өмірге шынайы көзбен қарап, еңбекқор болуды үйрету. Оларға үлгі бола білу.
М.ӘСЕМБЕК