«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» демей ме, хакім Абай. Жаңа жинаққа осындай тағылымды, атақты жырау Қорқыттан бастап, Ықыласқа дейінгі қобызға, сыбызғыға бейімделген озық күйлер енген. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығында өткен шарада мамандар ұлтымыздың ұлылығын танытатын, рухани құндылығы саналатын күй тарихына тоқталды. Оның құдіреттілігі жайында әсерлі әңгіме өрбіді.
Палзада Сағымбекова - Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбиешісі
Іс-шараның шымылдығы күй атасы Құрманқазының атақты «Балбырауын» күйімен ашылды. Айбыныңды асырар «Адай» да, Төлеген Момбековтың сағыныш сарынына құрылған «Салтанаты» да, Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» да көпшілік көңілін ерекше бір серпілтті.
Қалдыбай Нұрыш - №1 Жамал Омарова атындағы Саз мектебінің оқушысы
Мәдени шара барысында химия-биология бағытындағы Назарбаев зяткерлік мектебінің домбыра оркестрі Құрманғазы шәкірті, дәулескер күйші Дина Нұрпеісованың «Ана бұйрығы» күйін жоғары кәсіби шеберлікпен орындады. Бұл шарада дәстүрлі күйлермен қатар, қазіргі қазақ музыкасына үлес қосып жүрген сазгерлердің де шығармалары орындалды. Күй шығармаларының шығу тарихы мен атақты күйшілер туралы танымдық ақпарлар айтылды.
СЕНБЕК Құттыбайұлы