Оқиға 19 маусым күні Шымкенттегі Абай ауданының аумағында орын алған. Егде жастағы велосипед айдаған қария «Тойотоа камри» көлігіне соқтығысады. Зейнеткер жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Арада 5 күн өткенде есін жимастан... ауруханада көз жұмды. Аталған жайт «жол жүру ережелерін бұзу» бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Анықтаушылармен сараптамалар тағайындалды. Нәтижесінде процессуалды шешім қабылданатын болды.