Ұланы бар елдің, ұраны бар. Өскелең ұрпақты ер мінезді етіп тәрбиелеу, бабалар батырлығына баулу – біздің борышымыз. Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шыққанына 30 жыл толуына орайластырылған жиында бас қосқандар осылай дейді.
Айболат Маймақов – ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да елімізге танымал тұлғалардың кейінгі ұрпаққа үлгі болуын насихаттау тапсырылған болатын. Сондықтан мынау бүгінгі полиция имиджін көтеру мақсатында, болашақ мамандарымызды ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге ардагерлеріміздің тигізер пайдасы өте жоғары деп түсінеміз.
Еліміздің әр өңірінен жиналған сарбаздар ардагерлердің бастан кешкендерімен танысты. Майданда болып, ерлікпен елге оралғанғандарға жоғары құрмет көрсетті.
Махмұт Рысбаев – Ауған соғысының ардагері
ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығнда жас тыңдаушылармен Совет әскерлерінің шыққанына 30 жыл толуына орай кездесу кеші болайын деп отыр. Сол кеште біз жастарды патриоттық рух пен патриоттық сезімге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында осы кешке келіп отырмыз.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында жыл сайын 2000-ға жуық түлек арнайы курстан өтеді. Ел тыныштығы үшін қызмет атқаратын ұландар бұл оқу орнында атыс әдістерін меңгеріп, жауынгерлік күрес тәсілдеріне машықтанады.
Айболат Маймақов – ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы
Оқуға келу қызметке тағылымдамашы етіп ПД маманды жұмысқа қабылдағаннан кейін бізге оқуға жібереді. Яғни, теорияда оқығандарын практикада, жауынгерлік күрес тәсілдері, атыс даярлығы практика, тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйретеміз.
Шараға жиналған сарбаздар ардагерлер ерлігінен рух алды. Азат елдің патриоттарын тәрбиелеуде бүгінгі жиынның берері мол. Сондықтан мамандар осы сарындағы басқосу өткізуді дәстүрге айналдырмақ.
П.ОРТАЙ