Жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Өңір басшысы салаға жауапты мамандарға жылыту жүйелерін қадағалап, дайындықты күшейтуді тапсырды. Бүгінде жылу энергия орталықтарына алдағы жылыту маусымына қажетті отын көлемі нақтыланған.


Олардың қатарында, 109,7 мың тонна көмір, 20 мың литр дизель, 8,1 мың тонна мазут, 27 627 мың м3 газ қажеттілігі анықталған. Сонымен қатар жоспарға сәйкес жылыту маусымының дайындық жұмыстарына бюджет есебінен қажетті қаржы бөлінген. Облыстағы жылу қазандықтарының 1297-сі білім ошақтарын, 685-і аурухана, 211-і мәдениет үйлерін, 7-і жұмыспен қамту орталықтарын, 73-і спорт нысандары мен қалған 737-і көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтиды. Нұралхан Көшеров дайындық жұмыстарын тікелей бақылауына алып, жауапты мамандарға сапалы жұмыс атқаруды тапсырды.