Қазақстандық оқушылар халықаралық Химия олимпиадасында топ жарды. Беделді байқауда ел намысын төрт қатысушы қорғаған. Оның екеуі алтын, екеуі күміс медаль еншіледі. Біріккен араб әмірлігінде өткен байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 360-тан аса зияткер келген.


Көп ішінен дараланып, алға озған жеңімпаздарға енді мемлекет тарапынан қаржылай сыйақы беріледі. Алтын медаль үшін президент тапсырмасына сәйкес 1500 АЕК, яғни 5 млн 898 мың теңге, ал екінші орын үшін 3 млн 932 мың теңге тағайындалған.