Биыл су саласы мамандықтарына грант саны 70 пайызға артқан. 2025-2026 оқу жылына гидрология сынды пәнаралық мамандықтарды есептемегенде барлығы 1052 грант бөлінген. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.
Аталған салаға мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының саны да жыл санап артып келеді. Мәселен, биыл жаңа оқу жылынан бастап Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті алғаш рет «Гидромелиорация» мамандығы бойынша студенттерді қабылдауды жоспарлап отыр. Жалпы су саласында өндірістік тәжірибеден өткен студенттердің саны төрт есе өскенін еске сала кету керек. Былтыр тәжірибеден өткен студенттер саны 82 болса, биыл бұл көрсеткіш 339-ға жетіпті.