Турист тартамын десең тазалыққа мән беру керек. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайды аралап жай-күйін саралады. Жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар берді.


Мемлекет басшысы елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруді тапсырған. Бұл мәселе назарымыздан түскен емес. Өңірде туристік орындарды реттеу, санитарлық тазалығын сақтау бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстар атқарылып келеді. Бірақ әлі де кемшілік көп. Туристер жиі баратын негізгі орындар – «Nurdelux», «ER I ZHAN», «Алтын жағалау» және өзге де демалыс орындары демалушылардың назарын көбірек аударып отыр.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

 Бәрін ретке келтіру керек50 метрма 50 метрден қойсын охранный зонадан бәрін алдырып тастайтын болсын. Тамақ істейтін мынандай болмау керек. Аудан әкімдігі рейд ұйымдастыру керек.


Өңір басшысы жағажайларды жедел ретке келтіруді тапсырды. . Тазалық, қауіпсіздік талаптарын сақтамағандарына заң шеңберінде жұмыс жүргізу керектігін ескертті. Демалыс орындарына иелік етіп отырған кәсіпкерлер өз міндетін адал атқару керектігін қадап айтты. Жағажайларды аралап көрген облыс әкімі аудан әкімдігінің ғимаратында туристік нысандардың жұмысын реттеу бойынша мәжіліс өткізді.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

 Мемлегет басшысы күнде айтып отыр туристтік нысандарды ретке келтіріңдер деп. Не проблема қанша метр пляж соны ретке келтіріп ұстауға. Сол жерге шайынатын киім ауыстыратын жер қойып реттеп ұстауға


 Нұралхан Көшеров «Қазсушар» мекемесі мен Шардара ауданы әкімдігіне және Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына демалыс орындарын тіркеу, заңдылығын сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берді. Туризмге жауапты салғырттыққа жол берген басшылар пен қызметкерлерге тиісті тәртіптік шара көруді міндеттеді. Сонымен бірге жағажайларда құтқарушылар санын көбейту, суға тым жақын орналасқан сәкілерді талапқа сай алыстату, автотұрақты реттеу және өзге де тапсырмалар берілді. Мониторинг жұмыстары тұрақты жалғасады.