Енді косметика дүкендеріне өңірде әзірленетін бет күтіміне арналған өнімдер қойылуы мүмкін. Жетісайда құны 600 миллион теңге болатын ірі инвестициялық жоба қолға алынды. Кәсіпорын жылына 10 мың тонна мия тамырын өңдейді. Аталған өсімдік тек косметология саласында ғана емес, медицина, аспаздықта да бірқатар пайдалы өнімдерді шығару үшін қолданылады. Өндіріс ошағының жұмысымен толығырақ әріптесіміз таныстырсын...
Мия тамыры көптеген ауруға шипа, жанға дауа. Өсімдіктен алынған ұнтақтарды
әсіресе пневмония мен бронх қабынуынан туындаған құрғақ жөтелді емдеп, жамбас, тонзилит, туберкулез, буын аурулары және омыртқа сынды көптеген дерттерді емдеуге қауқарлы. Сондай-ақ, коктейль жасауға арналған көбіктендіргіш заттар мен алькогольсіз сусындар, тәттілер әзірлеуге қоспа ретінде қолданылады.
ТАЛҒАТ АҒМЕТАЕВ, КӘСІПКЕР
Мия өңдеу үш этапқа бөлінеді .1 этапта майдалап содан бір дәріге қоспасын өндіріп шығарып жатырмыз қазір. 2 этапта бізде косметикалық бұйымдарға қосылатын қоспасы 3 этапта төрт-түлікке берілетін бәрін жем қылып та шығара береді. Қазір зауытта 56 адам жұмыс істеп жатыр. 3 этапта 180 адамға шейін қамтимызба деген жоспарда бар. Былтыр шикізатты 120 теңгеден қабылдадық дәл қазір 90 теңгеден қабылдап жатырмыз. Қазіргі шығарып жатқан ұнтақтар сол дәріге түрлі жөтелге қарсы дәрілер үшін.
Жалпы ауданда бұдан бөлек инвестиция тарту мақсатында арнайы Индустриялды аймақ құрылып жатыр. Ол жерлерде мақта кластерінен бастап, өндіріске қажетті өнімдердің барлығы шығарылады деп жоспарланып отыр. Жетісайлықтар енді сол су үнемдеу технологиясына қажетті құрылғыларды да өздері шығармақ.
ДАНИЯР ТОЛЫБАЕВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бұл жерде біз жергілікті және басқа да сырттан келетін шетелдік кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізудің нәтижесінде 9 жобасын іске асыруды көздеп отырмыз. 9 жобаның есебінен аудан экономикасына 30 миллиард инвеститция құйылатын болады. Және де 2 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылатын болады тұрақты. Атап өтетін болсақ ол жерде Мақта өңдейтін зауыт одан мақтадан жіп иіретін завод. Сосын сүт өңдейтін завод.Қазір өздеріңіз білесіздер Президент тапсырмасына сәйкес су үнемдеу технологиясын қолға алу бізде де қарқынды жүруде. Биылдың өзінде ауданда 8 мың гектар жерге осы тәсілді қолдану тапсырыс берілген. Жоспарды орындау мақсатында инвесторлармен келіссіөзө жүргізіп индустариалды аумақта бір емес екі бірдей кәсіпорын құруды жоспарлап отырмыз.
Ал, Жетісайға келіп кәсіпорын ашамын дейтін инвесторлар үшін мемлекет тарапынан қолдаулар да көрсетіледі. Соның негізінде аргарлы өңірде инвеститциялық мүмкіндік артып, жұмыссыздық мәселесі шешіліп келеді.