Үлгілі полицейлердің ата-аналарына алғыс жарияланды. Түркістан облысы полиция департаментінде “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында жеке құрамның моралдық-психологиялық ахуалын көтеру мақсатында арнайы жиын өтті.
Оған қалалық ІІО ардагерлері мен департамент басшылығы және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Шарада қызметіне адал, еңбекқор және қоғамдық тәртіпті қамтамсыз ету жолында жоғарғы нәтижеге қолжеткізген жеке құрам қызметкерлерінің ата-аналары марапатталды. Ең алдымен қатысушыларға тәртіп сақшылары атқарған іс-шаралар туралы бейнеролик ұсынылып, жұмыстар сараланды. Жеті полицейдің ата -анасына департамент бастығы Мұрат Қабденовтің атынан алғыс жарияланды.