Жыл сайын 200 –ге жуық лудоман тәуелділіктен суицид жасайды. Мұның алдын алу үшін елде онлайн казино индустриясын бақылауға мүмкіндік беретін біріңғай есепке алу жүйесі енгізіліп жатыр.
Енді құмар ойындарды онлайн бақылауға мүмкіндік бар. Аталған жүйе қойылған барлық ставканы тіркеп, адамның ойынға қатысу, оның ішінде екі кезеңдік биоматериалық сәйкестендіруді тексереді. Құмар ойындарды реттеу комитетінің хабарлауынша, жүйе көлеңкелі бизнеспен, салық төлеп, оффшорлық шоттарға ақша аударатындармен де күреседі. Сонымен қатар, жасанды интеллект алгоритмдері арқылы мұндай ресурстарды анықтап, блоктай алады.
ӘДІЛЕТ ТҰРҒАНБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ОЙЫН БИЗНЕСІН ЖӘНЕ ЛОТОРЕЯНЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Оның негізгі міндеті – клиенттерді анықтау және адамға заң бойынша құқығы болса ғана бәс тігуге мүмкіндік беру. Біртұтас есеп жүйесі қарызы бар және олар бойынша сот шешімдері бар тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің, әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері үшін құмар ойындарға қол жеткізуді шектейді.