Балалар үшін жаз шынайы бақыттың мезгілі. Ал жазғы лагерь сол бақытты күндердің мекені. Биыл да Түлкібас ауданындағы «Қуаныш» жазғы лагері жүздеген балаға шаттық сыйлады. Он күн бойы көңілді демалыстың куәсі болған бүлдіршіндер қоштасу кешінде бас қосты.
Бұл жай ғана кеш емес, жүрекке жылу сыйлаған, естеліктерге толы ерекше сәт. Балалар ән айтты, би биледі, өнер көрсетті. Бір-бірімен құшақтасып, көздерінен қимастық байқалды.
САЛТАНАТ ШАНАРБАЕВА, «ҚУАНЫШ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
балалардың ой өрісін және еңбек демалысын өте тиімді өткізуге себепші болуға және олардың баққыты балалық шағын дұрыс жіәне бақытты өткізуге себепші болуға барынша тырыстық.Барлық ата-аналарға және келуші баларға текқана бақыт және қуаныш сыйлауға дайынбыз.
Лагерьге еліміздің әр өңірінен 146 бала келген. Жасы 9 бен 14 аралығында. Олар бұл он күнді ұзақ ұмытпайтынын айтты.
КӘУСАР НҰРИДДИН, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қуаныш лагерінде өткен 10 менің жүрегімде ерекше естелітерді қалдырды себебі бұл 10 күн мен үшін ерекше ең үздік күн болды.Алғысымды Салтанат апайға жеткізгім келеді.Ол кісі біздің еркелігімізді көтеріп алыды астымызға түсті ерекше естелікттер үшін рахмет.
АСЫЛЖАН ЛЕСПЕК, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бұл қуаныш лагерінде біз осы 10 күнге демалуға келдңім қуаныш лагерінде достарымды шақыратың болсам өкінбеймін қуаныш лагері өте қызығырақ10 күнім үздіксіз жақсы керемет өтті.
Қоштасу балалар үшін қимастық сәт. Бірақ әр баланың жүзіндегі күлкі, көкейіндегі ризашылық бұл лагерьдің нағыз жетістігі. Ең бастысы олар «Қуаныштан» расымен де қуанышпен қайтты.