Тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі азаймай тұр. Жыл басынан полицияға төрт мыңға жуық қоңырау түскен. Мамандардың айтуынша, бұл - алаңдатарлық көрсеткіш. Бұған жоқшылық, яғни қаржы жетіспеушілігі себеп болып тұр. Бүгінде учаскелік инспекторлар мен әлеуметтік қызметкерлер бірігіп, қауіп-қатері бар отбасылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Мақсат - отбасындағы жанжалға дейінгі жағдайларды дер кезінде анықтап, алдын алу.
Қаңтар айында полиция департаментінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлім мен аудандарда бөлімшілер ашылған еді. Мұндағы мамандар жүзден астам мекенжайда тексеру жұмысын жүргізіп, тіркеуде тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді.
ЕРДӘУІТ НИЯЗОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2025 жылдың қаңтар айында отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қимыл бізде бөлім, бөлімшелер ашылды. Онда 43 қызметкер жұмыс атқарады. Осы құрылымның бөлімшелерінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тікелей міндетті жұыстары. Қазір өздеріңіз білесіздер біздің сымтетікке отбасылық жанжал бойынша шақыртулар келіп түседі. Осы тікелей бөлімнің жұмысы осы зорлық-зомбылық бойынша үйдегі болып датқан жанжадар бойынша жинақталған жүйелі проблемалар шешіледі.
Бөлім қызметкерлері қаладағы 4 дағдарыс орталығымен тығыз байланыста қызмет атқарады. Қазір ол жерлерде ерінен зәбір көрген 135 әйел мен 278 бала күн көрісте жүр. Ал отбасына зорлық көрсетіп қылмыстық жаза алғандар да аз емес.
ДИАНА САХИБЕКОВА, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫ ОТБАСЫЛЫҚ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
ҚР қылмыстық кодексінің 108 бабының 1 бөлігімен бізде 43 қылмыс тіркелген болатын. Ал 109 бабтың 1 бөлігімен 141 қылмыс тіркелді. Біз бөлмейміз ер әйел деп. Жалпы бізде хабарлама тек еркек тарапынан болмайды. Әйелдерде хабарласады. Ауыр қылмыс 5, аса ауыр қылмыс 3. Егер статистикаға келер болсақ.
Отбасыдағы кикілжіңнің орын алуына әкеліп соғатын тағы бір себеп ол алкогольдік ішімдік. Бұл өнімді өткізу талабын бұзған 200-ден астам кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, түнгі уақытта жүргізілген рейдтік іс-шара нәтижесінде ойын-сауық орындарында болған 262 және тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 5 мыңнан астам жасөспірім анықталған.