Шымкент қаласындағы Тассай индустриалды аймағында орналасқан «Asia Trafo» зауыты еліміздегі қуатты трансформатор шығаратын жетекші кәсіпорындардың бірі. Мұнда еңбек таңғы тоғызда басталып, кешкі алтыға дейін бір сәтке де толастамайды. Біздің түсірілім тобы өндіріс ордасындағы қарапайым жұмыс күнінің қалай өтетінін көру үшін жұмысшылармен бірге бір күн өткізді.
Бұл кәсіпорында әр маман жауапкершілік жүгін арқалаған шынайы еңбек адамы. Солардың бірі трансформатор құрастырушы Ерболат Сәрсенбаев. Ол бұл салада жиырма жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Қарапайым жұмыс күні қауіпсіздік ережелерін пысықтаудан басталады. Әрбір трансформатордың ішкі құрылысы, орам сымдарының орналасуы бәрі де мұқият тексерілмей, келесі кезеңге өтпейді.
ЕРБОЛАТ СӘРСЕНБАЕВ, ТРАНСФОРМАТОР ҚҰРАСТЫРУШЫ
Азанда тоғызда келемін кешкі алтыға дейін біздің жұмысымыз. Осы цехта осы транформатордың жүрегін орап шығу. Әр трансформатордың өзіндік қиындығына байланысты. Біреулер болады екі күн, ір жарым күн, бір күн деген сияқты. Біз жоспарлап отырмыз бір айда алты, жеті трансформатор шығарамыз деп.
Зауытта ерлермен қатар нәзік жандылар да қатар еңбек етіп жүр. Солардың бірі техникалық цех шебері Гүлбала Қонысбаева. Ол 2019 жылдан бері осы кәсіпорында қызмет етеді. Гүлбала станок басында трансформатордың ішкі бөлшектерін дайындайды. Картонды әкеліп, оны қажетті өлшеммен кесіп, әріптестеріне дайындап береді.
ГҮЛБАЛА ҚОНЫСБАЕВА,ТЕХНИКАЛЫҚ ЦЕХ ШЕБЕРІ
2019 бері жұмыс істеп жатырмын. Мен осы станокта жұмыс жасаймын негізгі қызметім дайындаушымын. Мына кардонды әкеліп осы станокта кесем дайындаймын. Бірінші целиндр кесіп тастаймын рейка кесем. Қазір мынау 167500 рейкасын кесіп жатырмын.02-05. Егер өзіңде ынта болса ешқандай қиындық соқпайды. Мысалы, маған складтан әкеп бірінші береді трансформаторды. Ол өте үлкен 6300 де 2200 картонды әкеп кесеміз. 1 ден бастап 80 ге дейін талшина картон бар, соларды әкеп кесіп мына адамдарға кесіп дайындап берем. Олар ары қарай алып кетеді .
Гүлбала дайындаған бөлшектер бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпіріне ғана емес, шетелге де жөнелтіледі. Бұл оның қолының, ұстанған тәртібінің және жауапкершілігінің жемісі. Осындай еңбек адамдарының арқасында зауыттың тынысы тоқтамайды. Олар отандық өндірісті алға сүйреп келе жатқан нағыз кәсіби шеберлер.