Шымкентте халық санының 22 пайыздан астамын жастар құрайды. Сондықтан оларды жұмыспен қамту күн тәртібінен түскен емес.Мемлекеттік бағдарламадан бөлек жеке кәсіп ашып жатқандар да бар. Мәселен Арбатта өздері жасаған дүниелерін сатып,табыс тауып жатқан жастар да кездеседі. Бұл жергілікті мәслихат депутаттарының бастамасымен жүзеге асқан дүниелердің бірі ғана.


 Шымкентте халқы санының артып, жаңа ауданның құрылуына байланысты мәслихат депуттарының сандық құрамы 32 ге жетті.Оның тең жарымы бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланды.Тиісінше депутаттар халық алдында берген уәделерін орындауға тырысып жатыр. Ашық қабылдау да өткізеді. Халық алдына жиі шыға бастады. Депуттар әсіресе қаладан ашлғай орналасқан елді мекендерге назар салып, инфрақұрылымды шешуге ат салысуда.Бюджет қаражатын үнемдеу мен дұрыс жұмсауын қадағалау ең бастысы жастарды жұмыспен қамту да назарда тұр.Бір сөзбен айтқанда мәслихат халық пен билік арасын жалғап, миллионды қаланың дамуына бағытталған істерді келісе атқаруға арналған ашық алаңға айналды.


ТӨРАЙЫМ СҰЛТАНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Арбат-ол жастардың көп шоғырланатын орындарының бірі. Сондықан ол жер бір-бірімен араласып, жаңа иделар мен іскерліктің бастауы бола алатын орын деп есептеймін. Біз сол мақсаттан бұл бастаманы көтеріп, жастар өз ісін бастасын әрі тұрақты жұмыс тапсын деген оймен осы бастаманы көтердік.Өткен жылдармен салыстырғанда қала өте қатты дамып келеді.