Келесте бұқаралық спорт түрлері дамып келеді. Аз ғана уақыт ішінде ауыл жастары әлемді мойындатып, чемпион атануда. Аймақта бүлдіршіндерге арнап спорт алаңдары мен ойын алаңшалары көптеп салынуда.Тақырыпты тілші тарқатсын.


Аудандағы спорт клубы 2022 жылдың желтоқсан айында құрылған. Мұнда, жастар спорттың 6 түрі бойынша яғни, бокс, жекпе-жек, стол тенисі, дзюдо, шағын футболмен айналысады. Жалпы 1330- ға жуық адам қамтылған. Оларға 35 жаттықтырушы дәріс береді. Үш жылда бокс пен жекпе-жек және еркін күрестен көптеген жетістікке жеткен.


Ауданда бұқаралық спортты дамытуға ден қойылған. Нәтижесінде, шалғайдағы ауылдан Combat Ju-Jutsu - дан үш дүркін әлем чемпионы шықты. Енді ауданда ауыр атлетиканы дамыту көзделіп отыр.


Әлемді білек күшімен мойындатқан чемпиондарымыз сол ауылдағы жас буынды тәрбиелеп жүр. Бұл ауыл спортының дамуына жаңа серпін береді, дейді тұрғындар.