Елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Екі кезеңнен тұратын санақ ағымдағы жылдың 1-ші тамызы мен 20-шы қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. Статистика бюросының мамандары мұндай санақтың 2007 жылдан бері жүргізілмегенін айтып отыр. Бұл кімге пайдасын тигізеді? Қарапайым шаруаға қатысы бар ма? Әріптесім сюжетте толықтырады.


 Ұлттық санақ екі кезең бойынша жүзеге асады. Онлайн-сауалнама және үй шаруашылықтарын аралау бойынша. Жауаптылар ол үшін 10 адамды жұмысқа тартқан. Олар арнайы оқудан өтеді, белгіленген мекенжай бойынша нысандарды аралайды.


ЕРНАЗАР ҚҰЛТАЕВ, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

Онлайн-кезең 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында өтеді, онда респонденттер санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарына баратын болады.


Статистика бюросының жауаптылары бұл жолы кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар санатқан өтуге міндеттеледі деп отыр. Сауалнамаға өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығымен айналысатын фермерлік қожалықтар қатысады. Санақта қаламыздың 7455 ауыл шаруашылығы өндірушілері қамтылмақ. Ал санақтан жалтарған кәсіпкерлер 10 АЕК тен жоғары айыппұл арқалайды.


ЕРНАЗАР ҚҰЛТАЕВ, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

 Біз барлық ауылшаруашылық тауарөндірушілерін санаққа белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл жай ғана статистикалық шара емес, бұл – азық-түлік қауіпсіздігі, фермерлерді қолдау және аймақтарды дамыту шешімдерінің негізі. Тек сенімді деректер ғана тиімді мемлекеттік аграрлық саясатты қалыптастыруға көмектеседі.


Ауыл щаруашылығы тауар өндірушілерге ыңғайлы болу үшін 13 мекен жай бойынша аудандық әкімдіктер мен басқада мемлекеттік ұйымдарда интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс жасайтын болады. Сауалнамаға түсінбеген жандар үшін жасанды интеллект жүйесі қызмет көрсетеді. Кеңес алу үшін азаматтар sanaq.gov.kz сайтында sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне немесе 1446 байланыс орталығына жүгіне алады.