Сайрам ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ғимарат ҚР Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен бой көтерді. Аумағы 646 шаршы метр болатын екі қабатты нысан құрылысы 2023 жылы басталған. Кешенде спортшылардың жан-жақты дамуына барлық қажетті жағдай жасалған.


Спорт нысаны Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылында орын тепкен. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына ауыл ақсақалдары мен елге еңбегі сіңірген жаттықтырушылар келді. Ғимараттың лентасын қиған облыс әкімі ауыл тұрғындарымен бірге спорт кешенін аралап көрді.


 Мынау облыс әкімінің қатысуымен кереметтей спорт кешені ашылып, келешекте елімізге жерімізге үлкен үлесін қосатын мықты спортсмендер, олимпиада чемпиондары әлем чемпиондары шығады. Құдай қаласа барлығымыз атсалысып кереметтей спорт кешенін салған азаматтарға үлкен алғысымызды білдіреміз.


Нысанның құрылысын Сайрам аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен «НурТехСервис» ЖШС 2023 жылы бастаған. Ғимарат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен бой көтерді. 2 қабатты нысанның жалпы ауданы – 646 шаршы метр. Кешен 3,2 гектар аумақта орналасқан.


АЯН ҚҰДАЙБЕРГЕН, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ

Спор кешенінің ашылуына қуаныштымын. Және бұның тез осы күресті алып кеткім келеді. Мен өте қуаныштымын.


Спорт кешенінде жаттығу залы, киім ауыстыру және жуыну бөлмесі, қоймалар, қызметкерлерге арналған кабинеттер, дәрігер кабинеті, процедуралық бөлме қарастырылған. Мұнда жастардың гандбол, баскетбол, волейбол, күрес, бокс, гимнастика, жеңіл және ауыр атлетикамен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Спорт кешенінде күніне орта есеппен 60–70 адам жаттыға алады.