Ташкент, Самарқанд, Хорезм палауы жайлы естігенсіз. Дәм татып, ауыз тиген де боларсыз. Асқазанға түскен ас көңіл толқытып, Өзбек еліне шарлайды. Ал қазақ рецепі негізінде әзірленген, өзіндік ерекшелігі бар отандық палаудан дәм татып көрдіңіз бе? Бауыржан Ибрагимовтың сөзінше, палау тек Өзбек еліне емес, орта Азияға ортақ ас. Жаугершілік заманда көпке бірдей жылдам оңай, дайындалатын тамақ ретінде ойлап табылған. Шымкенттік аспаздар осы тағамды түрлендіріп, ерекше құрам жасап шықты. Құпия әдіс-тәсілдердің сырын ұғынып, Өзбек ағайындарды таңғалдырғыңыз келе ме? Сюжеттен көріңіз.
Шипа палау орталығы – ас ішіп, ауырудан арылатын орын. Аты айтып тұрғандай ерекше рецеп негізінде әзірленген тағам – біршама дертке ем. Өзіндік құпия дайындау тәсілдері бар.
БАУЫРЖАН ИБРАГИМОВ, SHIPA PALAU ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Біз зірия дегенді, ноқат, мейіз, жаңғақ деген мүлдем қоспаймыз. Үш-ақ нәрсе бар. Ет, сәбіз, күріш. Бірақ, мұның барлық құпиясы майында. Бұл бес түрлі майдан дайындалады. Сондықтан бұл палау өте дәмді, жеңіл. Сахры бар адамдар да жей береді мұны. Сосын бір жеген адам басқа палау жей алмай қалады.»
Мейрамхананың ашылуына орай үлкен ас беріліп, ел ағалары бас қосты. Соның бірі әлем және олимпиада ойындарының чемпионы Мұхтархан Ділдәбеков. Былғары қолғап шебері: «қазақ палауы бойға қуат, денге шипа!» дейді. Басқа да спортшыларға осы орынды ұсынып, ерекше тағамды тұтынуға кеңес беретінін айтады.
МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ, СПОРТШЫ
– «Спортшыларға таза тамақ. Қазір спортшыларды әр жарыс сайын допиг тесттен өткізіп отырады. Мына жерде өте таза тамақ.» - 00:55, 01:44 – «Сондықтан барлықтарыңыз келіңіздер!»
Қонағыңнан алтын алма алғыс ал ұранын ту еткен мейрамхана Кеңжарық 2/10 мекен-жайында орналасқан.