Түркістан облысында 5 мың басқа арналған ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды. Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан кешенге облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысты. Мал сою бекетінің құрылыс жұмыстары 100% - ға толық орындалған.


«KAZ ECO MEAT» серіктестігі салған кешеннің құны 8 500 миллион теңгені құрайды. Мұнда жылына 5000 бас ірі қара мен 10 000 тонна ет өңделмек. Өндірістік кооператив 13 гектар аумақта орналасқан. Жаңадан 100 жұмыс орны ашылды. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен алынған. Қажетті сиыр малы жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден жеткізіледі.


 АБДУРАСУЛ САЙДАНОВ, «KAZ ECO MEAT»ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Негізгі мақсаты ет сою, ет экспорттау, ет өткізу деген нәрсені жаңа дәрежеге өткізу. Заманауи қалыпта сойып, оны барлық нірсені падалану жіне таза ет шығару. 5000 ірі қара мал келесі жылғы жобамыз бізде. Бұл жерде 500 ірі қара мал сойылады туәлігіне.


Мал бордақылау кешенінде автоматтандырылған жем беру жүйесі мен қан жинауға арналған арнайы құрал-жабдық орнатылған. Мұнда малдың қаны мен сүйегі де өңделеді. Кешен қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Ет комбинаты халықаралық талапқа сай және экспортқа негізделген. Мал сою алаңында болған аймақ басшысы жауапты мамандарға жоба аясында сапалы жұмыс жүргізу, экспортты ұлғайту керектігін ескертті.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

 Мына ет саласында жалпы экспортты дамыту керепіз. Тек қаан жанжақтағы көршіелдер емесевропа мен қытаудың нарығына шығу керекпіз. Сіздер бір мемлкектке беріп жатырсыздар өнімді. Жылына 12 айда мұндай мүмкіндіктеріңіз жоқ. Сондықтан мұны біраз қарап зерделеңіз. Соның есебінен қазір қарап мысалы өңірде 50 мың басқа құрылыс бітті. Енді келесі этапта 15 мың басқа құрылыс басталып жатыр.


Одан кейін облыс басшысы Манкент елді мекеніндегі «NURYM GROUP» серіксетстігінде болды. Ол құрама жем өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Нысан сағатына 20 тонна жем өңдеуге қауқарлы. Құрама жем қоспасы арқылы мұнда малазықтық өнімдер өңделеді. Жалпы 7,25 гектар аумақты құрайтын алаң жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен салынған.