Сайрам ауданында 32 отбасы қоныс тойын тойлады. Ақсукент ауыл округінде 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Соның 32 пәтері пайдалануға берілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған баспанаға мұқтаж отбасыларға арендалық пәтер кілін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өзі табыстады.
Салтанат Сембиева көп балалы ана. 6 жылдан бері балаларын жетектеп пәтер жалдап келген. Енді көптен күткен арманы орындалып жаңа пәтерде қоныс тойын тойлауды жоспарлап отыр.
САЛТАНАТ СЕМБИЕВА, ТҰРҒЫН
2017 жылдан бері кезекте тұрғанмын. 6 жылдан бері пәтерде жүрмін. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қатты қуанып отрымыз. Бала шағамдақуанып отыр. Барлығы осында. Бүгін үйімізді көрейік деп қуанып отырмыз. Әкімге рахмет.
Жаңа баспана көпбалалы және толық емес отбасыларға, ерекше күтімді қажет ететін азаматтар мен ата-анасынан айырылған балаларға берілді. Тұрғындардың қуанышмен бөліскен облыс басшысы ізгі тілегін жеткізді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгін біз маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – арендалық тұрғын үйдің ашылу салтанатында бас қосып отырмыз. Бұл — ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолында қолға алынған нақты істердің нәтижесі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде азаматтарды баспанамен қамту — стратегиялық басым бағыттардың бірі. Облыста тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Осы сұранысты кезең-кезеңмен шешу мақсатында мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылданып келеді.
Екі қабатты 6 тұрғын үй 1,1 гектар аумақта орналасқан. Мұнда 1,2,3 бөлмелі пәтерлер бар. Нысан құрылысын жеке инвестор 2024 жылы «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қолға алған.