Шариғатты насихаттайтын имамдар шахматтан жарысты. Шахмат федерациясы РҚБ ұйымдастыруымен өткен тартысты додаға қаламыздың барлық аудандарынан дін өкілдері келді. "MUFTIYAT CHESS OPEN CUP – 2025" турнир жайлы тілші әңгімелейді.


 Қазақстанда шахмат спортына деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Ауқымды додаға мегаполистің 5 ауданынан елуге жуық мешіт имамдары келді. Турнирінде мешіт қызметкерлері шахматтан шеберліктерін сынады. Кәсіби шеберлік, логикалық ойлау мен сәтті жүрістер – бәрі де осы алаңда сынға түсті.


 АҚМЕТЖАН КЕРІМБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БАС ИМАМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

мемлекет басшымыздың қолдау ниеттімен сондайақ спорт шара реттінде дін мен дәстүр бағыттының үлкен бір тармағы ретінде біз осыны қолға алып отырмыз 


 Турнирдің бас төрешісі Бекзат Дәулетовтің айтуынша, әр жүріс — ақылмен, әр шешім — терең оймен жасалады. Себебі шахмат – тиянақтылық пен тәртіптің, төзім мен стратегияның ойыны.


 БЕКЗАТ ДӘУЛЕТОВ, БАС ТӨРЕШІ

Турнирде рапик түрінен өтіп жатыр турнир 10 минуттан әр ойыншыға беріледі 5 турдан кейін қорыттындысы шығарылады 


Бұл жобаның келер ұрпаққа берері мол –дейді иамамдар. Шахматты дамыту мен насихаттауға, жастарды спортқа тартуға арналған маңызды қадамдардың бірі.


 СЕРЖАН МАҚСҰТ , ӘЛ- КӘУСАР МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ

 Шахмат ойыны керемет ойын ойлау қабілетін мидің дамуына өте үлкен ткөп әсер пайдасын береді кейінгі жасттарға өскелен ұрпаққа осы шахмат ойыны ойнауға кеңес береміз 


Тартысты дода Қазақстан діни басқармасының 35 жылдығына арналып отыр. Бәгеге Шымкент қаласы әкімдігі мұрындық болып, деумеушілер қаржылай қолдаған. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы алғыс хаттар, кубоктар, медальдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.