Түркістандық тәртіп сақшылары жолда қалып қойған жүргізушіге көмектесті. Алматы — Ташкент — Термез тасжолында патрульдік полиция қызметкерлері жол жиегінде бұзылып тұрған көлікті байқайды. Полицейлер көлік иесіне жақындап, мән-жайды сұрады.


Жүргізуші Шымкенттен Таразға бара жатқан жолда көлігінің дөңгелегі жарылып қалғанын айтқан. Жолдағы басқа машиналардан көмек сұрағанымен ешкім тоқтамаған. Алайда полиция қызметкерлері Ерік Адырбеков пен Адеш Ешім жүргізушіге дөңгелекті ауыстыруға және ақаулықты жоюға жедел көмектесіп, сапарын жалғастыруға жағдай жасаған. Жүргізуші тәртіп сақшыларына алғыс айтып, жұмыстарына ризашылығын білдірді.