Шымкентте төтеншеліктерге 40 су жаңа техника мен 25 пәтердің кілті табысталды. Баспаналы болғандардың ішінде байырғы офицерлер мен жас құтқарушылар да бар. Заманауи өрт сөндіру техникалары мен пәтер кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің өзі табыстап,құтқарушыларды қос қуанышымен құттықтады.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өдеріңіздің материалдық базаларыңызды толықтырдық Депо өткіздік жаңа депо Мұның барлығы мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асыфп жатқан дүниелер. Өзіміздің тарапымыздан да әрдайым сіздерді қолдап жұретін боламыз.
Тізілген су жаңа техникалар миллионды қала тұрғындарына қазмет ететін болады.Өрт сөндіру машиналары қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.Елімізде төтенше жағдайлар министірлігіне қарасты құрылымдарда лизингтік жолмен техникалардың жаңартылуы 80 пайызға жеткен.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ
Мұндай техника бұрын соңды болмаған рекордтық санды беріп жатырмыз. Сондықтан үлкен рахмет Ғабит Әбдімажитұлы сіздің қолдауыңыз Біз үшін ең үлкен қуаныш.
Су жаңа техника кілттерімен қатар 25 қызметкерге пәтер кілті табысталды. Қамқор бағдарламасымен баспанаға қол жеткізгеннің бірі Нұрболат Рахым. Ол ТЖД 2017 жылдан бері өрт сөндіруші болып қызмет істейді. Күні бүгінге дейін отбасымен пәтер жалдап тұрып келген.Енді жеке шаңырақтары бар. Өрт сөндіруші қандай жағдай болса да отандастарына қол ұшын созуға дайын тұрған қахармандардың бірі.
НҰРБОЛАТ РАХЫМ, ӨРТ СӨНДІРУШІ
Қамқор бағдарламасымен үй алдық Үй алу әрбір азаматтың арманы Бұл бағдарлама өте тиімді. Айына мөлшерлемесі де аз Енді баспаналы болдық мәселе шешілді енді бар ынтамызды жұмысқа қоямыз.
Шымкентте қазіргі таңда 10 өрт сөндіру бөлімі бар.Жергілікті биліктің қолдауымен биыл тағы қала аумағынан 5 бірдей өрт сөндіру бөлімі соғылатын болды.Жаңадан құрылған Тұран ауданында үлкен типтік өрт сөндіру депосының құрылысы басталған.