Қыз теңдігі, махаббаттың мұңы мен өмірдің шындығы. Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Мөлдір махаббат» қойылымының премьерасы өтті.


Бұл Сәбит Мұқановтың жүрек тербейтін туындысының жаңа драмалық нұсқасы. Басты кейіпкерлер Сұлтанбек пен Бәтима арасындағы сезім драмасы махаббат пен тағдыр, еркіндік пен қоғам арасындағы тартысты суреттейді. Мөлдір махаббат тек өткеннің ғана емес, бүгіннің де тақырыбы. Қойылым көрерменге махаббат пен еркіндік туралы терең ой салды.


ҰЛАН БОЛАТБЕК, РЕЖИССЁР

Бұл жерде әрине махаббат тақырырыбы алдыға шығарады,романды оқысаныздар білесіздер.Ол жерде саясат тақырыбы қозғалған сол кездегі қыздардың теңдігі,бостаңдығы,өмірге деген құштарлылығы өте жақсы қамтылған


Ғасырдан асып келген классикалық шығарма бүгін сахнада жаңа тыныспен жаңғырды. Актерлердің шынайы ойыны мен режиссерлік шешім көрерменге ерекше әсер қалдырды.