Шымкент қаласының Тұран ауданында рұқсатсыз үйілген құрылыс қалдықтарына қарсы рейдтік шаралар күшейтілді. «Таза Қазақстан» ұлттық акциясы аясында өткізілген тазалық жұмыстарына аудан әкімдігі мен жергілікті полиция, сондай-ақ коммуналдық сала қызметкерлері жұмылдырылған.
Бұл күні, жеке тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар маңындағы заңсыз қоқыс үйінділері тексерілді. Құм, тас және құрылыс қалдықтарын көшеге төккендерге ескерту беріліп, бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды.
ДӘУРЕН БАЛҒАНОВ, ҚОҒАМНЫҢ ОРТА САПАСЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
көш бойына заңсыз бейберекет тасталған қоқыс үйінділероның ішінде біреудің есік алдыңдпағы құрылыс абектісі салу бойынша тас түсіру біреуде құм түсірілген кейбірелеуде құрылыс қалдықтар қалған одан бөлек бейберекет құрылыс қалдықтары сатып жатқан нысан егелеріне ескерту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
МӘМЕШ СӘЛІМБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Өзім құрылыс жүргізіп жатырмын құрылыс жүргізгенге байланысты іштегі бетон құйған едім соларды сыртқа шығарып реттеп жатырмын 1-2 апта ішінде соның бәрін ішке көшіріп мына жерді тазалауға уәде беремін
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аз ғана қалдықтың өзі үлкен экологиялық проблемаға әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл тек биліктің емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті.
МАҚСАТ БЕРДАҚМЕТҰЛЫ, АУЫЛ БИІ
Қала әкімшілігі аудан әкімшіліктері апта сайын көедегі тастарды жинау құрылыс материалдарын жинау қарқынды жұмыс жасап жатыр мақсаты қоршаған ортаны таза ұстау
Қала көркі әр тұрғынның жауапкершілігі. Тәртіпке бағыну арқылы ғана тазалық пен тәртіп қатар орнайды, дейді ұйымдастырушылар.